Атырау, 25 қараша 15:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Спорт жаңалықтары

685 просмотра

34 жастағы қазақстандық қорғаушы Олжас Керімжанов келесі маусым үшін клубқа таңдау жасады. Керімжанов өткен маусымда ойнаған «Атыраумен» келісімшартын ұзартты. Жалпы, қорғаушы өткен маусымда «мұнайшылар» сапында 27 матч өткізіп, нәтижелі әрекетімен ерекшеленбеді. 2019-2020 жылдары Керімжанов Қазақстан құрамасына шақырылды. Қорғаушы ұлттық құрама жейдесімен барлығы бес матч өткізді.

***

Шабуылшы Едіге Оралбай «Атыраумен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды ФК баспасөз қызметі. Едіге Оралбай – Оңтүстік Қазақстан футболының және Бразилияның «Оле Бразил» академиясының түлегі. Футболшының соңғы клубы Қазақстанның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Қыран» болды. Шабуылшы «Мақтаарал», «Жетісу», «Ақжайық», «Бәйтерек» командаларында да ойнады. 26 жастағы спортшы 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасында өнер көрсетті.

***

«Атырау» ФК гамбиялық футболшы Ламин Жаржоудың ауысқаны туралы ресми мәлімдеме жасады. «Ламин Жаржоу «Атырау» футбол клубының ойыншысы, гамбиялық жартылай қорғаушы «Гренобль» (Франция) футбол командасынан жалға алынған», - деп хабарлады атыраулық команда. Жаржоу оң қанатта ойнайды.

*** 

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы Кәрім Смыков Атырауға оралды. Өткен маусымда 21 жастағы Смыков «Атыраумен» келісім-шартқа отырып, тіпті маусымға арналған құрамаға да қосылды. Содан кейін жартылай қорғаушы босатылып, «Елімайға» жалға берілді. Семейлік команда сапындағы алғашқы ойында ол жарақат алып, бірінші айналымды өткізіп алды. Смыков «Елімай» сапында барлығы 12 матч өткізіп, 1 гол соқты. Бұған дейін «Алтай», №8 ОРМБЖСМ және «Жеңіс» командаларында өнер көрсеткен.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Фото: kazfootball.kz

14 ақпан, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.