Атырау, 25 қараша 15:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"ПСЖ" - "Реал Сосьедад": Айдын Қожахметтен шайқасқа қатысты болжам

572 просмотра

Чемпиондар лигасы

"Парк де Пренс"

Париждің Араб шейхтерінің инвестициялаған күштері мен қаржылық ағындарын ақтауға бағытталған тағы бір әрекеті. Жолда ең көп мишлен мейрамханалары бар қаладан шыққан ерекше және мықты "Реал Сосьедад" тұр. Луис Энрике командасы фаворит болғанымен, бәрі ойлағандай оңай емес.

"ПСЖ"

Париждіктер испан клубын басып өтуге бел буып отыр, оған қоса ол үшін барынша қаруланған. Ең алдымен, оларда Килиан Мбаппе бар. Мұндай деңгейдегі матчтарда кейде аталған жағдай жеткілікті болып жатады. Бірақ Париждегі жігіттердің мотивациясы да жеткілікті болып тұр. Олар жыл сайын турнирде жеңіске үміткер болудан шаршаған, оған қоса, артынан плей-офф кезеңінде шығып кетуден де жалыққандығы анық.

Луис Энрике шайқасты қорғаныс шебіндегі бірқатар ойыншыларсыз өткізуге мәжбүр болады. Атап айтқанда, бүгін Кимпембе, Шкриньяр, Мендеш, Курзава ойын алаңында болмайды. Бірақ "ПСЖ" үшін ең бастысы - Мбаппе бастаған шабуыл тиімді болса болғаны. Дембеле, Барколя, Коло-Умани болса, жеңіске қуатталып, дайын тұр.

"ПСЖ"-ның соңғы 5 матчы

ПСЖ – Лилль 3:1

ПСЖ – Брест 3:1

Страсбур – ПСЖ 1:2

ПСЖ – Брест 2:2

Орлеан – ПСЖ 1:4

"Реал Сосьедад"

Ішкі біріншіліктегі Иманоль Альгуасиль шәкірттерінің жағдайы мүшкіл: соңғы турда "Осасунадан" жеңіліс пен турнир кестесіндегі 7-ші орын "Сосьедад" жанкүйерлерінің жүрегіне қаяу келтірді. Сонымен қатар, команда соңғы төрт матчта гол соға алмай келеді. Бірақ сан-себастьяндықтар әрқашан табанды мінезімен және жауынгерлік қасиеттерімен танымал, сондықтан олар "Парк де Пренске" бас ию үшін жол тартып отырған жоқ.

Бірақ шайқасты бірқатар ойыншыларсыз  өткізу әлдеқайда қиын болатыны анық. Жарақат пен дисквалификацияға байланысты матчты Бекер, Меркеланс, Муньос, Одриосола, Фернандес және Элустондо өткізіп жібереді. Киран Тирнидің қатысуы да күмән тудырады.

"Реал Сосьедадтың" соңғы 5 матчы

Реал-Сосьедад – Осасуна 0:1

Мальорка - Реал-Сосьедад 0:0

Жирона - Реал-Сосьедад 0:0

Реал-Сосьедад – Райо Вальекано 0:0

Сельта - Реал-Сосьедад 1:2

Жеке кездесулер тарихы

Олар ойын алаңында бас түйістіріп көрмеген. Бұл командалардың кездесу тарихы енді бастау алады.

Матчқа болжам

"ПСЖ" жеңіске жетеді. Мен бұған сенемін. Мен сенімдімін деп те айта аламын. Сондықтан Parimatch-тағы серіктестерімнің Ж1 нұсқасына ұсынылған 1.65 коэффициенті көңіл аударуға тұрарлық.

14 ақпан, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған