Атырау, 24 қыркүйек 22:23
 бұлттыВ Атырау +17
$ 480.50
€ 534.22
₽ 5.18

Толарсақтан су кешіп: қар жауып, күн күрт жылынғаннан кейін Атырауды су басты

Сурет Бейнежазба
868 просмотра

Атырауда қала аумағын еріген қар суынан тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 29 арнайы вакуум техникасы жұмылдырылған.

Атырау қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, 14 ақпанда Первый участок, Майлин, Тәттімбет күйші, Оқжетпес, Шолохов, Фрунзе, Ш.Еркінов, И.Панфилов, Аманшин, Абдрахманов, Құныскерей өткелі, 4 өткел, Күйші Түркеш, Бекқалиев көшесі 50, Е.Дүтбаев көшесі 4, 6, 8, Темірханов, Құрманғалиев, Нарын, Гагарин, №2 мектеп, «Алтынсарин» мектебі, «Таң Шолпан» бала бақшасы, сонымен қатар, Мирас, Авангард, Алмагүл, Сарықамыс, Балықшы, Құрсай, Ақ Депо, Өркен, Балауса, Еркінқала-2 шағын аудандарында еріген қар суларынан тазарту жұмыстары жүруде.

 - Жұмылдырылған техника мен қызметкерлер бір уақытта барлық аумақты қамти алмайтынын ескере отыра, жұмыс кезең-кезеңімен атқарылады, - деп хабарлады қала әкімдігі.

Әкімдіктің телеграм парақшасында тұрғындар көшелерді су басып жүретін жол қалмағанын, көшедегі су аулаларға кіріп үйден шыға алмай отырғандығын жазуда.

- Үйімізге кіре алмай, 45 минут тұрдық, - деп жазды қала тұрғыны. - Неге көзбен көрмейсіздер, таңертең хабарладым, әлі жауап жоқ. 

Тұрғындарға әкімдік жауап беруден кенде емес. Алайда бәріне бірдей жауап:

«Қала көшелерін жауын, қар суынан тазалау жұмыстары үздіксіз, демалыссыз жүргізілуде! Жауынның мөлшерден тыс жаууына байланысты өтінімдер саны да күрт асқан. Әлеуметтік нысандар, басты көшелер, су басу қаупі бар аумақтардың суын тазалауға басымдылық беріліп отыр. Барлық қабылданған өтінімдер орындалуға жолданған және әкімдік тарапынан бақылауға алынған. Өтінімдер тәулік бойына 109 қысқа номері арқылы қабылданады»

«Арнаулы автобаза» ЖШС өзінің әлеуметтік парақшаларында 10 текше м вакуум Камаз көліктерін 1 рейс үшін 10 мың теңге төлеп жалға алатындағы жөнінде хабарландыру жариялады. Қалыпты ауа райында 8 мың теңге болатын ассенизатор көліктердің де бағасы көтерілген.

Бүгін Жұмыскер-2 ықшамауданында жеке үйдегі қар суына толған септикті тазарту үшін бос вакуумды әрең таптым. Бағасы 11 мың теңгеге өскен, оның өзі кешкі 22:00 ден-кейін босайды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазба әкімдіктің Telegram, Facebook парақшасынан

14 ақпан, 20:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.