Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Атырау облысында есірткі заттарын таратқан деген күдікпен полицейлер Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады. Оның жалдамалы пәтерін тінту кезінде бір келіге жуық есірткі заты тәркіленді. Сот сараптамасының қорытындысы негізінде тәркіленген құрғақ өсімдіктің гашиш екені анықталды.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті құмар ойынға әуес болған және сегіз миллион теңгеге жуық қарызы болған. Қаржы мәселесін шешу үшін еліміздің оңтүстік өңірінен есірткі әкеліп сатпақ болған.
Сондай-ақ, екінші күдікті Ақмола облысы тұрғынының мекен-жайын тексеру кезінде жалпы салмағы 175 грамм болатын синтетикалық есірткі тәркіленді. Күдіктінің Атырау қаласына синтетикалық есірткіні жасырын тығу әдісі арқылы сату үшін келгені анықталды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА