Атырау, 23 қараша 05:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Иранда газ құбырында жарылыс болды

342 просмотра
freepik.com

Иранның оңтүстік-батысында орналасқан Боруджен қаласындағы газ құбырының негізгі желісінде жарылыс одан кейін өрт болды. Бұл туралы Иранда Mehr агенттігі қала басшысы Фаттаха Кармиге сілтеме жасап хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, құбырдың осы бөлігінде газ беру тоқтатылды. Оқиға орнында құтқару және өрт сөндіру бригадалары жұмыс істейді. 

«Құбырларда қалған газ жанып болғанша, өрт тоқтамайды», — деді қала басшысы.

Ол жарылысқа не себеп болғаны туралы әлі белгілі болмағанын атап өтті. Оның айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Газ құбырының жанындағы жолда келе жатқан көліктерге де зиян келмеген.

Боруджен қаласындағы газ құбыры Иранның негізгі газ желісінде орналасқан. Әзірге желідегі газ беру жүйесі тоқтатылды.

Осыған дейін Қазақстаннан Еуропаға газ бен мұнай жеткізу мәселесі туралы сарапшымен сұхбаттасқан едік. Сұхбат барысында сарапшы Иран мен Ресейді айналып өтетін құбыр салу мүмкіндігі туралы айтқан еді.

«Құбырды салуға ерік-жігер жетеді десе, бастап кетуге болады. 5 жыл деген мемлекеттік тұрғыда ештеңе емес. Онсыз да 30 жыл бойы Каспийдегі құбырсыз ақ өмір сүрдік қой. Тағы 5 жыл шыдай тұрамыз. Бұл жерде қинап тұрған Каспийге қатысы бар елдердің келісімі. Бірақ білуімше қазір заңды түрде ешқандай тосқауыл жоқ. Бұл жерде Ресей мен Ираннан сескену бар. Солардың қабағына қарап отырмыз. Құбырды салды деген күннен бастап Ресей КТК-ны тоқтата салуы мүмкін. Себеп табу қиын емес қой», – деді сарапшы Абзал Нарымбетов.

14 ақпан, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.