Атырау, 25 қараша 15:59
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Құлсары станциясында ТШО-ның күкірт тиелген вагондары рельстен шығып кетті

Бейнежазба
904 просмотра

2024 жылғы 14 ақпанда сағат 03:25-те Атырау облысы Жылыой ауданы, "Құлсары" т/ж станциясы, № 11-ші жолда "Теңізшевройл" ЖШС-не тиесілі тепловоздың 7 бірлік жартылай вагондарының рельстен шығып кету фактісі орын алды, деп хабарлайды облыстық ТЖД.

Тепловоздағы жалпы вагон саны - 62. Вагондарда күкірт тиелгені анықталды. Аталған жағдайда күкірттің далаға төгілуі орын алған жоқ. Зардап шеккендер жоқ.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Мақат а. "ҚТЖ ҰК" АҚ қалпына келтіру пойызы шықты.

Орын алған жағдайға байланысты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қауырт желі ұйымдастырылып, жедел штаб өрістетілді. Қазіргі уақытта тиісті шаралар атқарылып жатыр.

14 ақпан, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.