Атырау, 25 қараша 15:27
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау тұрғындары утиль алымына қарсы үндеу жолдады

885 просмотра

Бүгін, 13 ақпанда ондаған Атырау тұрғыны президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және үкіметке - жаңа тағайындалған премьер-министр Олжас Бектеновке үндеу жолдау үшін Нұрсая ықшамауданына жиналды. Олар Грузия мен БАӘ-дан жеткізілген көліктерге утильалымның мөлшерін және алғашқы тіркеу бағасын төмендетуді талап етті.

– Шетелден әкелетін көліктер арзан әрі сапасы да жоғары. Көліктерді адал еңбекпен тапқан ақшамызға әкелдік. Біз кедендік баж салығын төлеп, көлікті транзиттік нөмірлермен жүргізіп келеміз. Қазақстанда утильалым бағасы тым жоғары, сондықтан  қазақстандық нөмірлерді ала алмай отырмыз. Қозғалтқыш көлемі 2,5 л болатын автокөліктер үшін утильалым 923 мың теңгеден, ал қозғалтқыш көлемі 3,5 л автокөлік үшін 2 миллион 122 мың 900 теңгеден басталады. Алғашқы тіркеу үшін – 1 млн 800 мың теңге. Мұндай бағалар неге сүйеніп қойылғанын білмейміз. Мұны бізге ешкім түсіндірмейді. Сондықтан осы айтылғандарды ескере отырып, утильалымды 100 мың теңгеге, ал алғашқы тіркеуді 100 мың теңгеге дейін түсіруді сұраймыз, - деді қала тұрғыны жиналғандардың атынан.

Айта кетейік, биыл қозғалтқыш көлемі 1000 текше см-ге дейінгі жеңіл автокөлікті әкелу үшін ең төменгі төлем 276 900 теңгеге тең болады. Қозғалтқыштары 2000 текше см-ге дейінгі көліктер үшін – 646 100 теңге, 3000 текше см-ге дейін – 923 000 теңге. Көлемі 3 литрден асса 2 миллион теңгеден асады – дәлірек айтсақ, 2 122 900 теңге.

Айнұр САПАРОВА

Нұрлан Жунасовтың видеосынан скрин

13 ақпан, 18:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.