Атырау, 25 қараша 15:55
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жасөспірімдер арасындағы кикілжің: полиция тергеуді бастады

691 просмотра
Видеодан алынған скрин

Атырау қалалық полиция басқармасы №42 мектеп оқушысының соққыға жығылу дерегі бойынша тергеуді бастады. Болған оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. 

"12 ақпан күні сағат 18:00 шамасында №42 мектепте жасөспірімдер арасында өзара келіспеушілік орын алған. Бейнебақылау камераларын саралау барысында 2011 ж.т. екі жасөспірімнің арасында кикілжің жағдайы туындағаны белгілі болды. Әлеуметтік желіні мониторингілеу кезінде құқық бұзушылық дерегінің бейнежазбасы таралған.

Аталған факті бойынша құқық бұзушылыққа жол бергендер мен куәгерлер полиция бөліміне жеткізілді. 12 жастағы оқушының әкесінің арыз-шағымы бойынша 2011 ж.т. жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтКнің 127-бабы 1-бөлігімен ("Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы") әкімшілік хаттама жасақталып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі. 

Сондай ақ, аталған мектеп оқушыларына жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

13 ақпан, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.