"Бавария" Леверкузенде бастан кешкен масқара жағдайдан соң, Римге барып ақталмақ. Parimatch сарапшыларымен аталған әрекеттерінен не шығатынын талқылап көрейік.
“Олимпико”, Рим
15 ақпан
Астана уақыты бойынша 2:00
“Лацио”
"Лацио" осы маусымда (әдеттегідей) тұрақсыз ойын көрсетіп жүр. Милинкович-Савичсіз көңілсіз, Чиро Иммобиленің қуаты таусылғандай көрініп, А сериясында тек 6 гол соқты. Римдіктер А сериясының турнирлік кестесінде "Фиорентина" мен "Наполидің" жанында сегізінші тармақтан орын алып отыр. Әзірге, ЧЛ-дағы жағдайы нашар емес: олар қақпашы Иван Проведельдің голымен есте қалып, "Атлетикомен" бірге топтан шықты. Бірақ ең мықтылар қатарынан болмаса да, "Бавариямен" шайқаста жеңіске деген мүмкіндіктері мүлдем аз. Маурицио Сарриді қуантатын бір ғана нәрсе бар: команданың барлық ойыншылары сапта.
"Лационың" соңғы 5 матчы (2-1-2, 5-7)
А сериясы. “Кальяри” - “Лацио” 1:3
А сериясы. “Аталанта” - “Лацио” 3:1
А сериясы. “Лацио” - “Наполи” 0:0
Италия суперкубогы. “Интер” - “Лацио” 3:0
А сериясы. “Лацио” - “Лечче” 1:0
“Бавария”
Бундеслиганың "Байермен" негізгі матчы мюнхендіктер үшін қорқынышты түстей өтті. Бұл тіпті ойын есебінде де емес, "фармацевттер" қарсыласына қандай да бір әрекет етуге ешқандай мүмкіндік бермеді: Харри Кейн серіктестерінен қалыс қалып қойып, іші пысып отырды(тек Hello Darkness my old friend әні жетіспеді),"Баварияға" жаңадан келген Эрик Дайердің көзінен "мен Тоттенхэмге қайта оралғым келеді" деген үнсіз арманы оқылды. Бірақ, аталған жағдайлар "Бавария" әрқашан осындай күйде болады дегенді білдірмейді. Күзде "Айнтрахттан" 1:5 есебімен жеңілген соң, мюнхендіктер " Манчестер Юнайтедті" Олд Траффордта" тас талқанын шығарған болатын. "Лациомен" шайқаста да фаворит болып қала бермек. Томас Тухельдің үлкен проблемасы бар, ол — жарақат алған ойыншылар. Науқастардың ішінен бүкіл команданы жинай алуға болады, әсіресе Команың, Гнабридің және Сарраның жоқтыңы ерекше көзге түседі.
"Баварияның" соңғы 5 матчы (3-0-2, 7-7)
Бундеслига. “Байер” - “Бавария” 3:0
Бундеслига. “Бавария” - “Боруссия М” 3:1
Бундеслига. “Аугсбург” - “Бавария” 2:3
Бундеслига. “Бавария” - “Унион” 1:0
Бундеслига. “Бавария” - “Вердер” 0:1
Жеке кездесулер тарихы
Командалар соңғы рет (осы кездесу әзірге тек біреу) 2021 жылы Чемпиондар лигасының плей-оффында бас түйістірген, ол кезде екі матчта да жеңісті "Бавария" қанжығасына байлап әкеткен.
Болжам
Қандай да жағдай болмасын "Баварияның" "Бавария" деген аты бар. Сондықтан Ж2 нұсқасына ұсынылып отырған 1.66 коэффициентіне назар аударуды ұсынамыз.