Атырау, 21 қараша 22:24
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналды...

759 просмотра

Махамбет Өтемісұлы атындағы Қазақ академиялық драма театрында жанды әуенмен поэзиялық кеш өткізуге тамаша мүмкіндік пайда болды. Бұл қойылым көрерменнің сұрауы бойынша сахнада тағы да көрсетіліп отыр.

Ол «Есіңе мені алғайсың» деп аталады және қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған.

Поэзия кешінің тұсаукесері ақынның туған күнінде 9 ақпанда өтті. Оған театрдың жас әртістері қатысты. Олар шығарманы жатқа айтып қана қоймай, өз рөлдерін сомдап, осы өлең жолдарын жазған жанның сезімін жеткізуге тырысты. Осы орайда ақынның сырқат жүрек туралы өлеңін атап өткім келеді: бұл дәрігерден жүрегін басқасына ауыстырмай, өз жүрегін қалдыруды өтінген диалог. Бұл өлеңнің мәнерлі жазылғаны соншалық, терең мағыналы өлең жолдарына бей-жай қалған көрермен аз болды.

...ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде оқып жүрген студенттік кезім есіме түсті. Курстастарымның көбі поэзияны жақсы көретін, ақындарға еліктейтін, бірақ ақын М.Мақатаевтың образын ерекше сүйетін. Арада жылдар өткен соң олардың бірі әндердің бірінің бейнебаянында ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың бейнесін сомдап, арманын орындаған болатын.

Сондықтан оның көптеген шығармалар жинағының ішінде ақынның жүрек туралы өлеңін ерекше ұнатамын.

Қойылымды Kilenhub-тың шығармашылық қауымдастығы театр ұжымымен бірлесіп ұйымдастырған. Ал жүзеге асыру идеясының өзі музыкалық продюсер, Kilenhub шығармашылық бірлестігінің тең негізін қалаушы Ерсұлтан БАҒЫТЖАНҒА тиесілі. Ол кешті музыкалық тұрғыда безендіріп, нәзік әуендердің аранжировкасын жасады.

Қойылым шағын залда өтті: көрермендер әртістерді жақын жерден тамашалап отырды. Олар болып жатқан көріністердің, оқиғалардың арасында жүргендей, шынайы өткергендей сезімде болды. Әуендер, таныс әдемі өлең жолдары бірде-бір көрерменді бей-жай қалдырмады.

Айнұр САПАРОВА

Автор түсірген суреттер

13 ақпан, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.