Жергілікті палестиналық шенеуніктердің айтуынша, Израильдің «өте жиі» әуе шабуылдары мен бірнеше елді мекендерді атқылау салдарынан 100-ге жуық адам, оның ішінде балалар қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy CNN-ге сілтеме беріп.
Израиль әскерилері Рафахтың Шабура ауданына «бірқатар соққылар» жасағанын және «арнайы операция» кезінде кепілге алынған екі Израиль азаматын босатып алғанын растады.
Қазір 1,3 миллионнан астам Газа халқы Рафах қаласын паналап отыр.
Жұма күні Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху әскерилерге «ХАМАС-тың соңғы бекінісі» Рафахтың халқын шабуыл жасағанға дейін эвакуациялауды тапсырған болатын.