Атырау, 20 маусым 11:18
 дождьВ Атырау +25.8
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Индер ауданында апатты үйлердің тұрғындары жаңа қонысқа көшті

Сурет
1 043 рет қаралды

Индер ауданында әбден тозығы жетіп, апатты деп танылған үй тұрғындарын көшіру бұдан екі жыл бұрын қолға алына бастады.  

Ауданда 233 үйдің 25-і ресми түрде апатты деп танылғаны белгілі. Шатырынан су кетіп, тіреумен тұрған, сылақтары түскен  үйлерде 40-50 жылдан бері қорқынышты күймен тұрып жатқандардың жан айқайы билік басына жеткендей болды. 2022 жылы бюджеттен 112 млн теңге бөлініп, Индербор кентіндегі 16 пәтерлік 2 үйдің (З. Қабдешев көшесі, номер 7, 11 үйлер) мемлекет мұқтаждығына алынып, орнына екінші нарықтан баспана сатып алынып берілді. 2023 жылы бюджеттен 264 млн теңге бөлінді. Кенттегі Қабдешев көшесіндегі (№5, 9, 12) 24 пәтерлік үш үй сатып алынып берілді. 


- Апатты үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары биыл жалғасын тауып отыр. Бюджеттен 832 млн теңге бөлінді. Бұған қалған 20 үйдің 7-еуіне баспана сатып алу жоспарланып отыр. Кенттегі Қабдешев көшесі №13, 15, Қазақстан көшесі №44, 45, 47 және Д. Қонаев көшесі №6А, 6Б, 6В үйлері мемлекет мұқтаждығына алынатын болды, - дейді аудандық ТКШ басшысы Шапағат ҒАББАСОВ. - Тұрғындарға баспана сатып алу үшін үйлерді өздеріне таңдау еркіндігі берілген. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 ақпан 2024, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.