Атырау, 25 қараша 15:43
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балауса ықшамауданындағы аулалар мен үйлерді еріген қар суы басты

712 просмотра

11 ақпанда Балауса ықшамауданының тұрғындары жеке үйлерін орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосуды талап етіп, көшеге шықты.

Жерасты сулары мен сарқынды сулар Еркінқала ауылдық округіне қарасты Балауса ықшамауданы тұрғындарының көптен бері шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелерінің бірі. Адамдар жауын-шашынға қарамастан, жиналған суды үнемі сорып шығаруға мәжбүр. Тұрғындар құзырлы органдардан өз мәселелерінің нақты әрі айқын шешімін табуын талап етті.

Округ әкімі Мұхтар ҚҰМАРҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, Балауса ықшамауданында 1000-ға жуық отбасы тұрады. Бәрі емес, үйлері ойпатта орналасқан он көшенің тұрғындары талап қойды, дейді әкім.

– Тұрғындар үйлерін орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жобасын жеделдетуді талап етуде. Біз бұл жобаны 2019 жылы дайындадық, кейін ол түзетілді. Тапсырыс беруші – қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі. Су деңгейі жоғары, тұрғындар үйлерін су басып, соның салдарынан іргетастың тозып, шөгіп жатқанын айтып шағымданып жатыр. Үйлерінің ішін су басқандар да бар. Сондай-ақ тұрғындар ықшамаудандарына Жұлдыз ықшамауданындағыдай суды сорып алатын арнайы инесүзгілер қолдануды талап етті, - деді Құмарғалиев.

Айнұр САПАРОВА

Нұрлан Жунасовтың видеосынан скриншот

13 ақпан, 00:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.