Атырау, 23 қараша 05:09
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Технологиялық сектордағы жаһандық компаниялар жыл басынан бері 34 мыңнан астам адамды жұмыстан шығарды

486 просмотра

Жаһандық технологиялық компаниялар 2024 жылдың басынан бері 34 мыңнан астам адамды жұмыстан шығарды, деп жазады Курсив.

АҚШ-тағы Microsoft корпорациясы (SPB: MSFT), eBay (SPB: EBAY) және PayPal Holdings (SPB: PYPL) әрқайсысы осы кезеңде мыңдаған маманды қысқартты. Барлығы 141 компанияда еңбек ететін 30 мыңнан аса адам жұмыссыз қалды.

Қаңтар айында технологиялық сала өкілдері 31 мыңға жуық маманды қысқартты. Бір жыл бұрын көрсеткіш 89,7 мың адам болатын.

Былтыр жұмыстан босатылғандардың жалпы саны 263 мыңға жетті.

Financial Times келтірген сарапшылардың пікірінше, қысқарту арқылы компаниялар акционерлерге жаңа салаларға, соның ішінде генеративті (мәселен, ChatGPT – IF-те мазмұн жасау) жасанды интеллект сияқты салаларға инвестициялау үшін ресурстарды үнемдеп жатыр.

Сарапшылар бұл үрдіс жалғасады деп есептейді. Жыл соңында жұмыссыз қалғандардың саны былтырғыдан көп болуы да мүмкін.

Бұған дейін 2023 жылдың қазан айында Ford пен GM ереуілге байланысты 500-ге жуық адамды қысқартқан болатын.

Amazon.com Inc. Alexa дауыстық көмекшісін әзірлеуге арналған бөлімшеде жүзден астам адамды корпоративті шығындарды азайту бағдарламасы бойынша жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр. 

Былтыр Alibaba Group «бұлтты» бөлімдегі қызметкерлерін азайтқанын хабарлады. Ал Meta жұмыстан босатудың тағы бір раундын бастады. Meta 2023 жылы 21 000 қызметкерді жұмыстан шығаруды жоспарлаған еді. Алайда соңғы мәліметтер әлі жарияланғант жоқ. Компания  бас директоры Марк Цукерберг «компания үшін бұл тиімді болады» деп атап өтті.

2023 жылдың мамыр айының басында Майкрософтқа тиесілі LinkedIn жұмыс күшін 700-ден астам адамға қысқартатынын хабарлады.

American Alphabet, IBM, Intel, eBay, PayPal, Dell, Zoom, Salesforce, Twilio, DocuSign, неміс SAP, шведтік Spotify және басқа да көптеген IT компаниялар өткен жылы жұмыстан қысқарту көп болатынын мәлім еткен. Осыған ұқсас жағдай Илон Маск Twitter-ді сатып алғаннан кейін тіркелді. Наурызда Маск Twitter-дің 6500-ге жуық қызметкерін немесе компания жұмыс күшінің 80%-ын қысқартатынын айтты. Мұны ол «шешуге тура келген ең қиын мәселелердің бірі» деп атады. 

12 ақпан, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.