Атырау, 25 қараша 16:49
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Макс Боқайдың шағымы қанағаттандырылды

730 просмотра

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотында белсенді Макс БОҚАЙдың апелляциялық шағымын қарау бойынша сот отырысы өтті. Істі судья Анар АЙТЖАНОВА қарады.

Макс өз шағымында учаскелік инспектордың 15 қаңтарда шығарған қаулысының күшін жойып, заңсыз деп тануды сұраған.

Учаскелік инспектор М.Боқайды ҚР ӘҚБтК-нің 480-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танып, ескерту түріндегі жаза қолдануға қаулы еткен.

Боқай бұл қаулымен үзілді-кесілді келіспейді. Ол қаулыны заңсыз және күші жойылуы керек деп санады.

1 ақпанда Боқай судья Айтжановадан бас тартты, өйткені ол 14 қаңтарда оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы («Сот шешімін орындамау») бойынша істі қараған. Сол кезде Боқайға 18 460 тг (5 АЕК) айыппұл салынды. Бірақ оның бас тарту өтініші қабылданбады.

Белгілі болғандай, 22 қаңтарда Атырау қалалық №2 сотының судьясы Зәуре ҚАЗАҚБАЙ Макс Боқайға қатысты әкімшілік қадағалау мерзімін тағы алты айға ұзарту туралы шешім шығарды. Алдыңғы әкімшілік қадағалау мерзімі наурыз айында аяқталуы керек еді. Боқай сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірген.  

Сот шешімімен М.Боқайға қаладан шығуға, кешкі оннан таңғы алтыға дейін көшеде болуға, қоғамдық-саяси мәселелерді талқылауға, қоғамдық орындарда өз пікірін білдіруге тыйым салынған. Бұл шешім 13 қаңтардағы хаттамалар мен 15 қаңтардағы полиция қаулысына сәйкес шығарылды.

Естеріңізге салсақ, 13 қаңтарда М.Боқайдың үйіне пробация қызметкерлері мен полицейлер келіп, «сот шешімін орындамады» және «әкімшілік қадағалау тәртібін бұзды» деп айыптаған болатын. Полиция өз айыптарына М.Боқайдың өткен жылы YouTube-тегі «Политон-клуб» арнасына берген сұхбатымен, сондай-ақ Facebook-тегі жеке парақшасында 31 қаңтарды саяси тұтқындар күні деп жариялауды ұсынған жазбасын дәлел ретінде келтірген. Бұл үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

М.Боқайдың арызы қанағаттандырылды.

Айнұр САПАРОВА

12 ақпан, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.