Атырау, 25 қараша 16:51
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау әуежайында балағат сөз айтқан жолаушыға айыппұл салынды

652 просмотра
Көрнекі сурет

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша («Ұсақ бұзақылық») Г.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

2024 жылғы 19 қаңтарда азамат Г. Атырау қаласындағы әуежайда «Manоr» кафесінің кассирі азаматша М.-ға былапыт сөз сөйлеген. Осылайша, ол қоғамдық тәртiптi бұзып, яғни ұсақ бұзақылық әрекетін жасап, айналасындағы адамдарға ізеттілдік танытпады. Г.-ның кінәсі өзінің мойындау түсініктерімен, іс материалдарымен және бейнежазбамен толық дәлелденді.

Сотпен құқықбұзушыға әкімшілік жаза қолдануда оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын мойындап, әрекетіне өкінуі ескерілді, ауырлататын мән-жай анықталған жоқ. Сот қаулысымен Г. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 51 688 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

12 ақпан, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.