Нұрсая ықшамауданында сумен қамту
толығымен қалпына келтірілді, деп хабарлайды «Атырау облысы Су арнасы» КМК.
«Құрметті Нұрсая ықшамауданының тұрғындары! Сіздің ауданда сумен жабдықтау толығымен қалпына келтірілгенін хабарлаймыз. Апатты жағдай кезіндегі шыдамдылығыңыз бен түсіністігіңізге алғысымызды білдіреміз. «Атырау облысы Су арнасы» КМК қызметкерлері Нұрсая КСС-1-дегі апаттың салдарын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда», - деп хабарлады КМК.