Финляндияның бұрынғы консервативті премьер-министрі Александр Стубб жеті жылдық үзілістен кейін саясатқа қайта оралды. Ол президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жетіп, қарсыласы — бұрынғы сыртқы істер министрі Пекка Хаавистоны басып озды, деп жазады ВВС.
Бюллетеньдер 100% саналған кезде Стубб 51,7%, Хаависто 48,3% дауыс жинағаны белгілі болды.
Украинадағы соғысқа байланысты Еуропадағы геосаяси жағдайдың өзгеруі премьер-министрмен салыстырғанда өкілеттігі шектеулі, үкіметпен бірге елдің сыртқы саясатын анықтайтын және Финляндия Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы ретінде әрекет ететін жаңа мемлекет басшысының басты міндеті болады, деп атап өтті AFP.