SERKE.ORG. «ҰБТ балаларды өз-өзіне қол жұмсауына итермелей ме?» - Қазіргі балалар психологиялық тұрғыдан біз ойлағаннан кешеуілдеп есейеді. Ол тек ата-аналарында ғана емес, сол проблемалардан арыла алмаған балалардың өздерінде де қиындықтар тудырады. Кейде психологиялық тұйықтықтан шыға алмаған балалар қайғылы қылықтарға барып, саналы түрде өмірімен қоштасып жатады. Өкінішке қарай, жасөспірімнің көзқарасы тұрғысынан қарасақ, біздің елімізде ондай қайғылы оқиғаға, ҰБТ-да алған төменгі баллы да себеп болған.
AZATTYQ.ORG. "«Жаңаөзен ісімен» сотталған 6 адамның жазасы жеңілдеді" - Жоғарғы сот Жаңаөзен оқиғасына байланысты сотталған алты адамның жазасын екі жыл мерзімге шартты жазаға алмастырып, оларды қамаудан босату туралы шешім шығарды.
"Кезекті «Халықтық IPO» неге кейінге қалды?" - Қазақстандық ірі компаниялардың акцияларын азаматтарға сатуды кейінге шегерудің сыры неде? Оның бір себебі – зейнетақы жүйесі мен зейнетақы қорларына қатысты өзгерістер деген болжам бар.
ZHASALASH.KZ. "«Арқанкерген» оқиғасы тұтас саяси жүйенiң бет-бейнесiн көрсеттi" - В.Челахқа қатысты сот шешiмi шыққан күнi оның анасы С.Ващенко алдын ала дайындап әкелген мак гүлiнiң ұнтақтарын шашып тұрып:“Тұқымдарың тастаққа жайылып, iрiп-шiрiңдер!” деген сыңайда прокурорға қарғыс жаудырғаны есте. Дәл осылай қазiргi әдiлетсiз соттар мен жемқор билiкке қарғыс айтушылардың саны көп болмаса, аз емес. Бәлкiм, шекарашылардан бастап, басқа салаларымыздың олқылықтардан опырылып жатқаны – халықтың назасынан да болар, кiм бiлсiн...
«Жәмiшев бастап, Келiмбетов қоштап “Халықтық IPO” тоқтайтынын жоққа шығарды» - Өткен аптада ҚазТАГ ақпарат агенттiгi құпия дерек көзге сiлтеме жасап, “Халықтық IPO бағдарламасы тоқтап қалуы мүмкiн” деген ақпарат таратқан болатын. Дерек көздiң айтуынша, бұған ең алдымен жоғарыдағы талас-тартысқа толы ойын, сосын заңдағы олқылық түрткi болмақ. Алайда бағдарламаға жауапты шенеунiктер бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.
MASA.KZ. «"Аза күнінде" бірге болайық, бауырлар!» - 1921-23, 1931-33, 1937-38 жылдары қолдан ұйымдастырылған аштықтан қырылған және қуғын-сүргін құрбаны болып атылған миллиондаған ата-бабаларымызды еске алып, тағзым етіп, оларға құрмет көрсетуге шақырамыз.
INFORM.KZ. «Зерттеу: Әлемде балалардың 25 пайызы тамаққа жарымайды» - Әлемде балалардың төрттен бір бөлігі тойып тамақтанбаудан зардап шегуде. Бұл британдық Save the Children қайырымдылық ұйымының зерттеу қорытындысы, деп хабарлайды Би-Би-Си.
BAQ.KZ. «Ұлыбританияда ер адамға "тірі өлік синдромы" диагнозы қойылды» - Британдық Грэхам есімді жігіт тоғыз жылдан бері өзін зомбимін деп есептейді. Анығырақ айтқанда, өзін тірі өлікке санайды. Оған Котар синдромы деген диагноз қойған, ел арасында оны "тірі өлік синдромы"деп те атай береді, дейді The Telegraph.
HALYKSOZI.KZ. «Қосшысы халықтың қазынасына қол салса, басшысы қалай тыныш отырады?!» - Еліміздің бас мұғалімінің сенімді серігін Қаржы полициясы қамауға алып жатса, тықырдың кімге таянып келе жатқаны айтпаса да түсінікті. Әзірге орынбасары туралы ләм-мим демеген Б.Жұмағұловтың тілшілермен тілдесуге көңіл-күйі жоқ секілді.
ABAI.KZ. "«Торғай ісі»" - Қазіргі кезеңде қазақ халқының жартысына жуығы қырылған 1930-32 жылдардағы ашаршылық біршама зерттеліп жазылғанымен, 1921-22 жылдардағы ашаршылық жөнінде бірен-саран еңбектерде болмаса әлі айтыла қойған жоқ.
ALASHAINASY.KZ. «Монополистердің араны неге ашыла береді?» - Бүгінгі БАҚ-та әбден ақжемденген тақырыптың бірі – тариф. Қанша айтылса да, пайдасынан шығыны көп, қарапайым халыққа қайыр бермей тұрған сала. Мұны зерттеулер де растап отыр. ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің деректері бойынша, 2005–2011 жылдар аралығында Қазақстан бойынша тариф: жылуға – 43%, электр – 118%, ыстық су – 54%, суық су – 59%, газ – 57%, стационарлық телефон 91%-ға қымбаттаған.
AIKYN.KZ. «Табысың қанша, шенеунік?» - Қаржы министрі Болат Жәмішев Табыс декларациясын жалпыға бірдей міндеттеу туралы Заңды қабылдау 2017 жылға қалдырылғанын айтты. Мұндай шешім Ресейде де бізбен бір мезгілде қабылданыпты.
Мамандар Қазақстан мен Ресейде табыс салығын дәл қазір декларациялау тиімсіз деп есептейді. «Табысын жасқанбай жариялаудың алғышарты бізде де, Ресейде де қалыптасқан жоқ» деген себепті алға тартады олар.
EGEMEN.KZ. «Аңызға айналған ардағымыз» - Тарихи шындықта жоңғарлар Ташкентті 1723 жылы жаулап алады. Ол жылы Абылай 10 жаста болса, оның туған жылы 1713 жылға тура келеді. Бұл мерзім ханның дүниеден өткен кезіндегі жасына да сәйкес келеді. Абылай 1781 жылы дүниеден қайтқанда, оның баласы Уәли сұлтанның хабарлауы бойынша, жасы 68-ден 69-ға қараған еді. 1781 жылдан 68 жасты шегерсек те, сол 1713 жылға тірелеміз. Демек, Абылай 1713 жылы дүниеге келген. Биыл оның туғанына тура 300 жыл.
JASQAZAQ.KZ. «Ақпараттық агрессия ауыздықталуы тиіс» - Ресейде президентке тікелей бағынатын «Ақпараттық талдау бюросы» жұмыс істейді. Құрамында 1500 маманы бар бұл құрылым «Электронды бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы», «Баспасөз бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы», «Интернет басқармасы» секілді салаларды біріктіреді. Ал дамыған мемлекеттерде ақпараттық стратегия орталықтары талайдан бар. Олар ақпаратты басқа елдерде өздеріне қолайлы қоғамдық ойды, қоғамдық мінез бен өмір сүру дағдысын қалыптастыруға бағыттауда. Біз сыртқы ақпараттың, сәт сайын ағылып келіп жатқан миллиардтаған ақпараттың қоғамдық ойымыз бен мінезімізді қалай және қаншалықты өзгертуде екенін зерттеп отырмыз ба?
QAMSHY.KZ. «Сапарбаев мырза, оларға оқ емес, тоқ керек!» - Иә, олар. Олар – қазақтар. Өз жерінде оралман атанған ағайындар. 400 мың теңгенің тоғын әкім болған Сіз төлей аласыз немесе 71 миллиардты желкесіне байлаған эксәкім Бергей Рысқалиев төлей алады. Ал Сіз айтып отырған 42 миллион теңгені қарапайым қазақтың қалтасы көтермейді.
ZHEBE.COM. «Құмықтар ұлттық парламент құрмақ ниетте» - Ресейге қарасты Дағыстан өлкесінде өмір сүріп жатқан құмықтар ұлттық парламент жасақтамақ ниетте. Әрине, бұл парламент Ресейдің думасына немесе ұлттық республикалардың заң шығарушы органдарына балама болмақ емес, тек құмықтардың басын қосатын негізгі ұйым болмақ.