Астанада күрестен ҚР чемпионаты өтті: турнир Олимпиада алдындағы рейтингтік жарыстарға жол ашты.
Грек-рим күресі тарихында тұңғыш рет 82 келіге дейінгі салмақта атыраулық спортшы Евгений ПОЛИВАДОВ ересектер арасында ҚР чемпионы атанды.
Еркін күрес палуандары да тамаша өнер көрсетті. Индерлік Талғат СЫРБАЗ бен Атырау облысы құрамасының легионері Болат САКИЕВ финалға сәтті шыққанымен, ондағы қарсыластарына есе жіберіп алды. Талғат СҚО құрамасында өнер көрсететін Азия чемпионы Нұрқожа ҚАЙПАНОВҚА, ал финалда Болат атыраулық, қазір Астанада жаттықтырушы болып жұмыс істейтін Азамат ӨМІРЖАНОВҚА қарсы шықты. Болат бірінші кезеңде жарақат алып, нәтижесінде Азамат 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Нәтижесінде атыраулықтар екі күміс алқаны еншіледі.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Фото: olympic.kz