Азаттық даңғылы 72а мекен-жайында орналасқан «Бәйтерек» тұрғын үй кешені құрылысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы хабарлады.
«Бәйтерек» тұрғын үй кешені құрылысына қатысты жеке тұлғаның арызы негізінде ҚР "Кәсіпкерлік кодексіне" сәйкес басқарма тарапынан жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша аталған нысанда құрылыс нормалары мен Заң талаптары сақталмағаны анықталды. Құрылысқа қатысушылар ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген басқарманың хабарламасында.
Анықталған бұзушылықтарды жойғанға дейін құрылысты тоқтату бойынша нұсқама берілді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ