Атырау, 25 қараша 16:53
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Байер"-"Бавария" : Айдын Қожахметтің болжамы

784 просмотра

Бундеслига

"Бай-Арена"

 Чемпиондық үшін шайқас. Бұл күні бүкіл Германия халқының назары "аспириндердің" елдің бұрыннан келе жатқан гегемонына қарсы шайқасында болады. Бұл кездесуде бәрі тұтастай шешілмесе де, басым бөлігі анықталатын болады.

 "Байер"

Хаби Алонсо "Баварияға" қарсы шыға алатын керемет команда құрды. Бұл ойындағы жеңіс "аспириндіктерге" мюнхендік алыптан 5 ұпайға алшақтауға мүмкіндік береді. Бірақ ол олардың қолынан келе ме? Шабуалдаушы Бонифацесіз қиындау болатыны анық. Испан жаттықтырушысы Артурға, Кассану мен Паласиосқа арқа сүйей алмайды. Алайда, қалғандары сапта және шайқасқа дайын. 

 "Байердің" соңғы 5 матчы

Байер - Штутгарт 3:2

Дармштадт - Байер 0:2

Байер - Боруссия М 0:0

Лейпциг - Байер 2:3

Аугсбург - Байер 0:1 

"Бавария"

Томас Тухель соңғы бірнеше жылда алғаш рет басқа біреуге чемпиондық атағын беріп қойған мюнхендіктердің бірінші жаттықтырушысы ретінде тарихқа енгісі келмейді. Бірақ "Бай-Аренада" бірқатар ойыншыларсыз керек нәтижеге жету қиын болады: Нойер, Гнабри, Сарагоса, Марушич, Асеко, Бухманн, Дэвис, Коман, Лаймер, Перец, Сарр - бұл үлкен шығындар тізімі. Оған қоса, Ким Мин Чже ұлттық құрамадан келгені кеше, сондықтан бірден он бір бастаушы ойыншылар қатарына енуі екіталай. Алайда, аталған орасан зор шығындарымен де "Бавария" аты аңызға айналған команда болып қала береді. 

 "Баварияның" соңғы 5 матчы

Бавария - Боруссия М 3:1

Аугсбург - Бавария 2:3

Бавария - Унион 1:0

Бавария - Вердер 0:1

Бавария - Хоффенхайм 3:0

 Жеке кездесулер тарихы 

Әдетте, бұл клубтардың бетпе-бет кездесуі ішті пыстырмайды, шайқас көбіне нәтижелі аяқталып жатады. Бірінші айналымда Мюнхенде 2:2 есеппен тең ойын өткен. Ал өткен маусымда "Байер" қонақтарды 2-1 есебімен жеңді. Бірақ "аспириндіктер" өз ойын алаңында ойсырай жеңілген кездері де болған, мысалы, 2021 жылы 1:5 есебімен шаң жұтып қалып еді. 

 Матчқа болжам 

"Байерге" сенім артамын. Қалай болғанда да, олар Тухель көшбасшы болып отырған команданың сенімсіз қорғанысының ескере отырып, мюнхендіктердің көңілін бірнеше рет түсіре алады деген ойдамын. Сондықтан, Parimatch-тағы достарымның "Байердің" жеке тоталы 1,5-тен көп нұсқасына ұсынған 1.94 коэффициентіне көңіл аударған жөн деп санаймын.

 

9 ақпан, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған