Атырау, 25 қараша 16:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Beeline үйдегі интернет жылдамдығын 500 Мбит/с дейін жеткізді

1 442 просмотра

Атырауда көпқабатты үйлердің тұрғындары 500 Мбит/с дейін интернет жылдамдығына қол жеткізе бастады. Бұған дейін үйдегі интернет жылдамдығы 100 Мбит/с дейін болатын.

 Жаңа технология бұрынғыдай мыс кабельдермен интернетті тарату орталығынан ғимаратқа немесе шатырдағы серверден пәтерге дейін емес, дәлізде орнатылған таратқыш арқылы талшықты-оптикалық кабельмен абонентке тікелей жеткізіледі. Талшықты-оптикалық кабельмен жүргізгеннің артықшылығы үйдегі интернетке бірнеше құрылғыны қосса да, интернет жылдамдығы төмендемейді.       

 Интернет жылдамдығын арттыруға арналған GPON технологиясын Beeline операторы қаланың жаңа ықшамаудандарынан бастап орнатуда.

GPON желісін алғашқы орнатқандардың бірі - Нұрсая ықшамауданында тұратын №90 үйдің тұрғындары. Бұл үйге жаңа технология 6 ай бұрын келген.

 Кеше кезекті өтініш берген тұрғынның пәтеріне Beeline мамандары 500 Мбит/с дейін интернет желісін іске қосты.

 Аружан МІНӘЖАТ, Нұрсая ықшамауданының тұрғыны.  

  • 21 ғасырда интернетсіз өмір сүру мүмкін емес. Уақыт жетіспейтін заманда интернеттің жылдам болуы маңызды. Отбасымызда 4 адам түгелдей желі қолданамыз. Бұған дейін басқа операторды пайдаланып келген болатынбыз.  Алайда осы жолы бізге жоғары жылдамдық, қолжетімді тариф және телеарналар біріктірілген Beeline ұсынысы ұнады. Кеше тапсырыс берген едік, бүгін келіп, орнатып жатыр. Қаламызда осындай мүмкіндіктердің пайда болып жатқанына қуаныштымын. Жаңа технологияның интернет жылдамдығы расында  да бұрынғымен салыстырғанда жер мен көктей екенін көріп тұрмын, - дейді Аружан.

 Аружан Beeline-ның үйдегі интернетін, сонымен қатар ТВ қызметін де қосты. Абонентке әмбебап техник Нұралы Наженов қызмет көрсетті. Ол, алдағы уақытта модемді ауыстыру, кабельді ұзарту секілді қызметтер қажет болған жағдайда тегін қызмет көрсетілетінін айтып түсіндірді.

 Клиентке кеңес беру кезінде №90 үйдің өзге тұрғындары да Beeline өкілдеріне сұрақтарымен жүгінді. Қызығушылық танытқан тұрғындарға GPON желісінің артықшылықтары туралы ұялы байланыс операторының абоненттік желі бойынша инженері Айбек КАДЫРГАЛИЕВ айтып берді.

 GPON 500 Мбит/с дейін жылдамдыққа ие. Алайда тұрғындар өз қалауы бойынша 100, 300, 500 Мбит/с тарифтерді таңдай алады. Тарифтердің барлығына клиенттің қалауы бойынша 300-ге дейін телеарна мен 5 данаға дейін симкарта беріледі. Мұның барлығы тариф төлемінің ішіне кіреді, - деп түсіндірді маман.

 Мамандардың айтуынша, қазір интернет жылдамдығы ғана емес, Beeline-ның қызмет көрсету уақыты да өзгерген. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын провайдер өтінішті 72 сағат ішінде қараса, қазір бір күннің ішінде қарап, қызмет көрсетеді.     Ұялы байланыс операторының интернетті қосу және тұтынушыларға  қызмет көрсету жөніндегі супервайзері Мұрат ОҢҒАРБАЙТЫҢ айтуынша, Атырау қаласындағы көпқабатты тұрғынүйлердің барлығына  Beeline желісін тарту жоспарда бар.   

 - Қазіргі таңда Атырау қаласында 50 тұрғынүй мен 4256 пәтер 500 Мбит/с дейін интернет жылдамдығына қосылған. Олардың басым көпшілігі Нұрсая ықшамауданының тұрғындары. Жыл соңына дейін Beeline тағы 2500-2700 пәтерді қосуды жоспарлап отыр, - дейді Мұрат Оңғарбай.

 Тұрғындар өз үйлеріне GPON технологиясымен жұмыс жасайтын интернетті қосу үшін 3131 нөміріне хабарласып,  немесе beeline.kz ресми сайтына кіріп, тапсырыс бере алады. 

9 ақпан, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.