Атырау, 23 қараша 06:01
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Байден «құпия құжаттар» ісі бойынша қылмыстық жазадан құтылды

590 просмотра
Фото: REUTERS

Америка жұртын 81 жастағы Джо Байден қарашада өтетін президент сайлауына тағы үміткер болуы алаңдата бастады. Өйткені Ақ үй басшысының есте сақтау қабілеті нашарлап, тіпті өз ұлының қайтыс болған уақытын ұмытып қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC-ге сілтеме беріп.

Былтыр қаңтарда Байденнің өз үйінде құпия құжаттарды сақтағаны белгілі болды. Осыған байланысты одан жауап алынды. Бірақ тергеу кезінде Байден өзінің вице-президент болған кезін, қазіргі қызметіне сайланған уақытын, тіпті ұлы Боның қайтыс болған күнін есіне түсіре алмаған.

Арнайы прокурор Роберт Хур АҚШ президентінің жадының нашарлауын алға тартып, «құпия құжаттарға байланысты істе оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз жоқ» екенін айтты.

Әділет министрлігінің 345 беттік есебінде Джо Байденнің әрекеттері «ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді» делінген.

Бірақ Джо Байден әлі алжи қоймағанын айтып, ұлының қайтыс болған күнін еске түсіре алмады деген ақпаратты жоққа шығарып отыр.

9 ақпан, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.