Атырау, 25 қараша 16:28
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бағалау нәтижесімен жоғарғы лауазымға тағайындалды

916 просмотра

Мемлекеттік қызмет саласындағы  заңнама талаптарына бірқатар өзерістер енгізілген.

Атап айтсақ, «Б» корпусы қызметшісінің бағаланатын кезеңде екі тоқсан қатарынан қанағаттанарлықсыз бағаланған жағдайда төменгі лауазымға, ал мемлекеттік қызметші қатарынан төрт тоқсан «функционалдық міндеттерді тиімді орындайды» деп бағаланған кезде келесі жоғары тұрған санаттағы лауазымға конкурстан тыс ауысу тәртібімен орналасуға мүмкіндік берілді.
Өз кезегінде, бағалау бойынша енгізілген жаңашылдыққа сәйкес алғаш рет Атырау қаласы Ішкі саясат бөлімінің қоғамдық-саяси ахуалды талдау және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс секторының меңгерушісі — Утегалиев Нұрбол Нұғманұлы бағалау қорытындысы негізінде конкурстан тыс ауысу тәртібімен Атырау қаласы Ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

9 ақпан, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.