Атырау, 25 қараша 16:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Заманауи техниканың игілігін көруде

1 438 просмотра

Қиырдағы  Сексеуіл теміржолшылар жаңа заманауи техниканың игілігін көріп отыр.

Өткен жылдың соңында «Қазақстан темір жолы» мотовозының бірнеше данасын сатып алған болатын. Жаңа техниканың бұған дейінгі қолданыста болған мотовоздардан айтарлықтай айырмашылығы бар, тетіктері жетілдірілген, қолданысқа жайлы, көптеген қолайлылық бар.

Бұл туралы  оның жұмысын бірге тамашалап, мотовоздың техникалық сипаттамасымен таныстырған  Сексеуіл жол дистанцияның бас инженері де, машинисті де жарыса әңгімелеп  берді. 

-Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап МПТ-6/869 машинисті болып тағайындалдым, жаңа техника маған сеніп тапсырылды.  Мотовоз толық автоматтандырылған, генератор арқылы 380 волттық электр күшімен басқарылады. Барлық жүйе мониторда көрсетіліп, борт компьютер арқылы жұмыс істейді. Өртке қарсы тетігі жүйеге қосылған. Бұрынғы техникалар майдың қысымымен жүргізілсе, мұнда оның барлығы электр тоғына көшірілген. Краны 5 тоннаға дейін жүк көтереді, стреласы 8,5 метрлік, кабинасына 10 адам сияды. Жылыту, салқындату жүйесі жұмыс жасайды. Барлық қауіпсіздік тетіктері жүйелерімен қамтылған,-деп сипаттады мотовоз машинисті Ержан Қалдыбаев.

-Мотовоз 2023 жылы шығарылған, қолданылуы мерзімі 30 жыл. Бүгінде қай телімінде жұмыс болса, мотовоз сол жерге жіберіліп,  телім бойына ары-бері тасымалдап, құрал саймандарымен жеткізіп отырған мотовозының жұмысына жолшылар қауымы дән риза, -деді бас инженер Елдос Жеткербай.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Сексеуіл жол дистанциясының теміржолшылары Сексеуіл-Қоскөл, Сексеуіл-Аралқұм бағытындағы жүздеген шақырым жол күтімін жасайды.

 

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда - Сексеуіл

Суретті түсірген автор

 

 

9 ақпан, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.