Атырау, 25 қараша 17:35
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атыраулық инспекциясының басшысы пара алды деп күдікке ілінді

893 просмотра

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы пара алу бойынша күдікті, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс прокуратурасының үйлестіруімен «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Ол тауарларды Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекараларының шектескен учаскесінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде олардың заңды қызметін жедел және кедергісіз жүзеге асырғаны үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 2 100 000 теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. 

Тергеу жалғасып жатыр.

9 ақпан, 08:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.