Атырау, 25 қараша 17:56
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Көпқабатты үйдің қасбеті құлайын деп тұр, көтерілетін техника жоқ»

Бейнежазба
792 просмотра

8 ақпанда Алмагүл ықшамауданындағы №7 үй тұрғындары тоғыз қатарлы үйдің қасбеті желмен көтеріліп, құлайын деп тұрғаны жөнінде хабарлады. 

Қасбеттің көтеріліп тұрған жері кез келген уақытта өтіп бара жатқан адамның басына құлап кетуі мүмкін дейді тұрғындар. Олар 109 желісі мен әкімдікке хабарласқанымен, жоғары қабатқа көтерілетін автокран (АГП) жоқ деп отыр дейді.

ТЖД кезекшілік бөліміне хабарласып білгеніміздей, қазіргі кезде, №7 үйге қарайтын ПИК-ке қауіпті аумақты қоршау жөнінде тапсырма берілген. Алайда автокран ТКШ тарапынан берілуі тиіс. 

- Біздің мамандар жағдайды бақылауға кетті. Аса қауіпті болған жағдайда өрт сөндіру қызметінің техникасы жіберіледі, деді жедел кезекшілік бөлімінен. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

8 ақпан, 19:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.