Сотта даулы мәселе барлық тарапқа да тиімді жағдайда шешілді, деп хабарлайды Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі.
Талап қоюшы «МФО «My Money» ЖШС Атырау облысы Махамбет аудандық сотына талап арыз беріп, 17 жауапкерден берешек сомасын өндіруді сұраған.
Татуластырушы-судья сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін жүргізіп, тараптарға дауды шешудің оңтайлы жолын ұсынды. Татуласу рәсімдерінің арқасында тараптар өзара татуласып, медиациялық келісімге келіп, оны бекіту үшін сотқа ұсынды.
Сот ұйғарымдарымен 17 талап қою бойынша медиациялық келісімдер бекітіліп, іс бойынша іс жүргізулер тоқтатылды. Тараптарға құқықтық салдары түсіндірілді. Сот ұйғарымдары заңды күшіне енді.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ