А сериясы
"Сан Сиро"
Осы апта Италияның соңғы екі чемпионының жексенбілік күш сынасуымен тамаша аяқталатын болады. "Милан" алтын медальдарды қайтаруға деген үмітін әлі де үзбеген, ал "Наполи" болса, дағдарыстан өтіп, еурокубок аймағына кіруге тырысып бағатын болады.
"Милан"
"Россонери " бұрыннан келе жатқан қас қарсыластары "Интер"мен "Ювентусты" басып озуға барын салуда. Бірақ толық чемпиондық жарысқа тұрақтылықтары жетіспейді. Дегенмен, "Милан" кез келген дәуірде және кез келген жағдайда "Милан"болып қала береді. Кадрлық үлкен шығындарына қарамастан: Калулу, Тиау, Кальдара, Томори – бұл тек қорғаныста жалаңаштану, оған қоса, Африка кубогында Нигерия құрамасынан мүмкіндігінше алысқа көтеріліп кеткен Чуквуэзе, Миранте, Побегуді қоссаңыз, Стефано Пиоли әр матч сайын команда құрамына кімді қосарын білмей миын ашытатындығы анық.
"Миланның" соңғы 5 матчы
Фрозиноне - Милан 2:3
Милан - Болонья 2:2
Удинезе - Милан 2:3
Милан - Рома 3:1
Милан - Аталанта 1:2
"Наполи"
Вальтер Мадзарри аз болса да толыққанды тыныс алып, жақын арада қызметінен босатылатындығы туралы әңгімелерді ұмыта алады. Италияда бұл тақырып неаполитандықтардың әр сәтсіз матчынан кейін қызу талқыланып кетеді. Алайда, өткен турда олар "Веронамен" кездесуде ерік-жігерін көрсетіп, 0-1 есебімен жеңіске жетті. Жарақаттанған Осимхен мен Зелинскисіз қарсылас қақпасына гол соғу оңай шаруа емес, ал Мерет пен Оливейраның болмауы қорғанысқа деген сенімсіздікті тудырады.
Егер де чемпион "Сан-Сирода" жеңіске жете алса, онда бұл командаға одан әрі өрлеуі үшін қажетті серпін алуға септігін тигізуі мүмкін. Бірақ мұны аңызға айналған стадионда жасау өте қиын болады.
"Наполидің" соңғы 5 матчы
Наполи - Верона 2:1
Лацио – Наполи 0:0
Интер – Наполи 1:0
Наполи – Фиорентина 3:0
Наполи – Салернитана 2:1
Жеке кездесулер тарихы
"Наполи" "Сан-Сирода" жеңіске салыстырмалы түрде жақында жеткен болатын - 2022 жылы "россонери" 1:2 есебімен соққыға жығылды. Бұған дейін 2021-нші және 2020-ншы жылдары да. Бір сөзбен айтқанда, неаполитандықтардың Миланнан жеңісті қанжығасына байлап әкетуі сирек жағдай емес. Осы клубтардың бірінші айналымдағы соңғы жекпе – жегі 2:2 есебімен аяқталған еді. Бір сөзбен айтқанда, бұл текетіресте ешқандай тұрақтылық жоқ.
Матчқа болжам
Милан соңғы бес матчта 9 гол жіберіп алғанын ескерсек, алаң иелерінің қорғанысында айқын проблемалар бар деген қорытынды жасауға болады. Қонақтарды айтарлықтай мықты дайындығы бар қарсылас күтіп тұрмағандықтан, Хвичи мен Политаноның өздеріне қажет кеңістіктері болатыны анық. Сондықтан мен "екі команда да гол соғады - иә" нұсқасы іске асады деп ойлаймын. Parimatch-тағы серіктестерім бұл оқиғаны 1.70 коэффициентімен бағалап отыр.