Атырау, 25 қараша 17:54
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұлттық қордан Атырау облысындағы балаларының шотына 27,8 млн доллар түсті

513 просмотра

277 236 балаға (01.01.2006 ж. бастап 31.12.2023 ж. дейін туған балаға) 27,8 млн АҚШ доллары есептелді. Оның 1,1 млн АҚШ долларынан астамы бағдарламаның 2024 жылы 18 жасқа толатын 11 117 қатысушысының (01.01.2006ж. бастап 31.12.2006 ж. туған бала) нысаналы жинақтау шоттарына есептеп төленді, деп хабарлады БЗЖҚ баспасөз қызметі. 

Жалпы республика бойынша 6 919 балаға 695,5 млн АҚШ доллары есептеп берілді. 

Жоғарыда келтірілген статистикалық деректерден нысаналы талаптарға қатысушы балалардың ең көп саны (922 841 балаға 92 763 977,32 АҚШ доллары есептелген) Түркістан облысында тұратынын көруге болады. Оның ішінде 18 жасқа ағымдағы жылы толатын 41 968 нысаналы жинақ алушылардың нысаналы жинақтау шоттарына 4 218 623,36 АҚШ доллары есептелген.

Балалар саны бойынша екінші орында - Алматы қ. (666 443 балаға 66 990 850,36 АҚШ доллары есептелген), оның ішінде 18 жасқа ағымдағы жылы толатын 26 621 нысаналы жинақ алушының нысаналы жинақтау шоттарына 2 675 942,92 АҚШ доллары есептелген.

Үшінші орында - Алматы облысы (608 711 балаға 61 187 629,72 АҚШ доллары есептелген). Оның ішінде 18 жасқа ағымдағы жылы толатын 26 802 нысаналы жинақ алушылардың нысаналы жинақтау шоттарына 2 694 137,04 АҚШ доллары есептелді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстан Ұлттық қорынан барлық балаларға 100 АҚШ доллары 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелген. Ол жыл сайын Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алуы есебінен ұлғайып отырады.

Баланың бағдарламаға қатысу дерегі және оған есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған баланың ата анасы немесе басқа заңды өкілдері арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан баланың ЖСН бойынша тексере алады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысуға, нұсқаулықтар, қызықтырған сұрақтарға жауаптар алуға болады. Сондай ақ, ата аналар әрбір балаға есептелген сомалар туралы деректерді egov.kz порталындағы Жеке кабинетінен де тексере алады.

8 ақпан, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.