Атырау, 25 қараша 17:24
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

27 қызылқоғалық «Ауыл аманаты» жобасымен несие алды

936 просмотра

Қызылқоға ауданында ауыл тұрғындарының өз кәсібін ашып, бұрынғы ісін кеңейтуге қолдау жасалып келеді. Соның бір айғағы - шалғай ауыл тұрғындары үшін «Ауыл аманаты» жобасы бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу өз нәтижесін беріп, 27 тұрғын несие алып отыр, деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Алтынзер БАЙМҰРАТОВАНЫҢ айтуынша, ауылдық жердегі тұрғындардың табысын арттыруды көздеген аталған жоба аясында 2,5 пайызбен берілетін жеңілдетілген несиені алуға 50-ден астам ауыл тұрғыны қызығушылық танытып, оның 27-нің құжаты мақұлданды. 

- Халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында жүзеге асырыла бастаған жобаға Миялы ауылы тұрғындары белсенділік танытса, Мұқыр мен Сағыз ауылдық округінен 4 тұрғын, Жангелдин, Көздіғара, Тайсойған, Жамбыл, Қызылқоға ауылдық округтерінен 1 тұрғыннан несие рәсімдеді. Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі - ауыл шаруашылығын дамытуға көңіл аударған 23 тұрғынның ұсыныстары қаржылай қолдау тапса, өзгелері жылыжай, көлік жуу, жеңіл және "Газель" автокөліктерін алып, кәсіптерін жалғауда, - деді А.Баймұратова. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қызылқоға ауданында 1376 кәсіпкер бар.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 ақпан, 08:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.