Атырау, 25 қыркүйек 02:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Атыраулық бармендер сынға түсті

Сурет
741 просмотра

6 ақпан Халықаралық бармендер күніне орай атыраулық бармендер арасында байқау ұйымдастырылды. Байқауға Атырау қаласының мейрамханаларынан 10 бармен қатысып, бір мезгілде төрт коктейл мен латте дайындау бойынша сынға түсті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқау Атырауда екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Биылғы байқаудың ерекшелігі - бармендердің тез дайындауына басымдық берілді.

Бармендер «Джин тоник», «Виски Сауэр», «Пино коладо» және «Голубая лагуна» коктейлдерін дайындады.

Ұйымдастырушы Нұрсұлтан ҚАРЖАУБАЕВТЫҢ сөзінше, барменнің шапшаңдығы табысты жұмыс үшін қажетті негізгі қасиеттердің бірі.

«Жұма-жексенбі күндері мейрамхана мен барлар қонақтарға толы болады. Сол кезде бір үстелден әр түрлі коктейлге сұраныс түсуі мүмкін. Бұл байқау бармендердің шапшаңдығын сынайды», - дейді Н.Қаржаубаев.

Байқау барысында бармендер секундомермен жұмыс істеді. Ал олардың өнеріне қазылар бақылау жасап, баға берді.

«Секундқа дайындау барысында бармендер қателік жібермеуі тиіс. Мысалы, латтені дайындағанда бетіне жүрек суретін салып берсе, оның уақытынан 30 секунд шегеріліп, жеңіске жетуіне мүмкіндік артады. Ал керісінше коктейл дайындау барысында бір нәрсені қате жасаса немесе тез жасаса да қателігі үшін қосымша 30 секунд қосылады, - дейді қазылар алқасының мүшесі, бармен Нұрлыбек ЖЕКСЕНОВ.

«Бұл шара бармендердің дамуы үшін маңызды байқау деп есептеймін, - дейді бармен Дмитрий ЗАЙЦЕВ. 18 жасқа толғаннан бастап бармен болып жұмыс істеп келемін. Биыл төрт жыл болады. Қазір мейрамхана саласы дамып келе жатқандықтан, бармендердің де жұмысын жетілдіру қажет».

Байқау қорытындысы бойынша төрт коктейл мен латте кофесін 2 минут 47 секудта дайындаған Камила ТОҚМАМБЕТОВА 1-орын және 100 мың теңге иеленсе, 3 минут 4 секунда үлгерген Данил ПРИДАНОВ 2-орын (50 мың теңге), Бекболат НАСИХАТОВ 3 минут 20 секундта аяқтап, 3-орын және 30 мың теңге еншіледі.

«Былтыр бармендер арасындағы республикалық фестивальда Атыраудың атынан қатысып, 3-орын иелендім. Өзім алкоголь саласында емес, кофе саласында 3 жылдан бері бариста-жаттықтырушы болып қызмет етемін.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

9 ақпан, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.