Атырау, 25 қараша 17:54
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әскерге шақыру пункті ашылды

609 просмотра

Атырау қаласында заманауи шақырту пункті ашылды: бұдан былай әскерге шақырылғандар осы жерден әскери қызметке жіберілетін болады.

– Бұл біздің облыста салынып жатқан алғашқы нысан емес. Бүгінде аудандарда да осындай пункттер ашылуда. Еліміздің қорғаныс қабілеті нығайып, әскеріміз барлық тұрғындардың тыныштығы мен бейбітшілікті қамтамасыз етуі тиіс, - деді ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Қайрат НҰРТАЕВ.

Шараға қатысқан ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан КАМАЛЕДИНОВ департамент атынан қорғаныс саласындағы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға қолдау көрсеткен жергілікті атқарушы органдарға алғысын білдірді.

«Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқармасы» РММ басшысы Құрманәлі ЖҮНІСБЕКОВ пункттегі жұмыс үдерісі толығымен цифрландырылғанын – әскерге шақырылғандардың мәліметтерін бір жерден көру үшін «Damu» бағдарламасына қосылған арнайы компьютерлер орнатылғанын атап өтті.

– Қазіргі уақытта әскери есепке алу және әскери құжаттарды беру мәселелері цифрлық мәліметтер базасын пайдалану арқылы шешілуде. Әскерге шақырылғандардың деректерін министрліктің мәліметтер базасы бойынша тексере аламыз. Сонымен қатар, бұрынғыдай әскери билет пен шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктер берілмейді. Бұл ақпаратты енді әрбір азамат өзінің жеке кабинетінен көре алады, — деді Қ.Жүнісбеков.

Қабылдау пунктінде мамандар күніне 50 адамнан қабылдайды. Ғимараттың жалпы ауданы 450 шаршы метрді құрайды. Мұнда невропатолог, психиатр, фтизиатр, офтальмолог, терапевт, отоларинголог, стоматолог, антропометрия кабинеттері, қабылдау комиссиясының қабылдау бөлмелері мен акт залы бар. Барлық үй-жайлар заманауи құрал-жабдықтармен толық жабдықталған.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

8 ақпан, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.