Әлеуметтік
желіде атыраулық мектеп оқушыларының шалшық судан өтуге мәжбүр болған видеосы
тарап жатыр.
Видеода Д.Қонаев атындағы Binom мектебінің алдындағы көлік тұрағында болып жатқан көрініс бейнеленген. Бұған қатысты қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғ.Төлеген: «Бұл видео 6 ақпанда түсірілген. Сол күні мектеп алдындағы аумақ құрғатылды», - деп түсіндірді.