Бүгін, 7 ақпанда әлеуметтік желіде Амандосов атындағы мектеп директорының-мыс белгісіз оппонентке әдепсіз сөздер айтқан аудиожазбасы пайда болды. Бұл оның жұмыстан кетуіне негізгі себеп болмағаны анықталды.
«АЖ»-ның сауалына облыстық білім беру басқармасынан келесідей жауап келді:
«Атырау облыстық білім беру басқармасы ҚР Білім туралы Заңының 45-бабының 3-тармағының 5-тармақшасына сай, өзіне сеніп тапсырылған мектептің қаржы - шаруашылығын жүргізуде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, лауазымдық міндеттеріне жауапсыз қарағаны үшін Т. Амандосов атындағы орта мектеп директоры лауазымынан босатылғанын хабарлайды».
Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВАНЫҢ айтуынша, қазір тергеу жүріп жатыр, ал директор тексеруден кейін Антикордың ұсынысымен қызметінен босатылды.
«Бұл іс қозғалған кезде мен басшы лауазымында емес едім, мен тамыз айында тағайындалдым, ал іс ертерек қозғалған», - деді А.Дүйсекенова.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз кезегінде әрбір адам оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген үкіммен анықталғанға дейін кінәсіз деп танылатыны туралы заңға сілтеме жасай отырып, редакцияның нақтылаушы сұрақтарына жауап бермеуді жөн көрді.
Айнұр САПАРОВА