Атырау, 25 қараша 17:21
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жол апатында екі жүргізушінің кесірі акушерге тиді

536 просмотра

9 қаңтардағы Жылыой аудандық орталық ауруханасының акушер қызметкері қаза болған ірі жол-көлік апатына қатысты ақпарат белгілі болды. 

«АЖ» Атырау облыстық полиция департаментіне жолдаған сауалына жауап алды. Ондағы мәлімет бойынша, 30 жыл акушер болып қызмет еткен дәрігер Атырау қаласына жедел жәрдем бригадасымен бірге жедел түрде жүкті әйелді жеткізіп, ауданға кері қайтып келе жатқан.  

Көлік апаты Доссор-Бейнеу тас жолының 74 шақырымы тұсында болды. Төрт автокөлік соқтығысып, 1995 жылғы азамат жүргізіп келе жатқан Газель автокөлігі жедел жәрдем автокөлігімен және 1993 жылғы азаматтың басқаруындағы IVECO автокөлігі Rolfo Sirio автокөлігімен соқтығысып, салдарынан жедел-жәрдем автокөлігіндегі 1964 жылғы акушер әуел оқиға орнында қаза тапты, - делінген хабарламада.   

Тексеру барысында Газель автокөлігінің жүргізушісі ӘҚБтК-нің 590 және 593-баптары («Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» және «Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау») бойынша жол-көлік ережесін бұзған.

Жедел-жәрдем көлігінің 1997 жылғы жүргізушісі де осы баптар бойынша жауапқа тартылды. Осыған дейін ол «Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту» бабы бойынша да жауапкершілікке тартылған. 

Айнур САПАРОВА

8 ақпан, 08:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.