Атырау, 25 қараша 17:39
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда дабыл сиренасы іске қосылады

661 просмотра

2024 жылғы 8-9 ақпан аралығында Атырау облысында «Қөктем-2024» Республикалық командалы-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Аталған оқу-жаттығу шеңберінде азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 8 ақпан күні  сағат 09:00-11:00 шамасында (түскі уақытқа дейін) дабыл сиренасы іске қосылады. Хабарландыру жүйесін тексеру барысында электр дабылы мен дабылды сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімді қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналардың эфирін ұстап қалу жүзеге асырылады. Бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Осыған байланысты, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарынан «Баршаның назарына!» сиренасы кезінде қорқыныш сезімге берілмей, тыныштық сақтауларыңызды сұрайды.

7 ақпан, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.