Атырау, 25 қараша 17:47
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тоқаев Атырау-Астрахань жолын жөндеуге қатысты тапсырма берді

761 просмотра

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы жол мәселесін көтерді. 

«Келесі – автожол мәселесі. Еліміз үшін  айрықша маңызды «Астана-Балқаш-Алматы» тас жолы  әлі күнге дейін жөнделіп біткен жоқ. Құрылыс 2017 жылдан бері жүріп жатыр. Республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахань», «Ақтөбе-Қандыағаш», «Талдықорған-Өскемен» жолдарының жөнделіп жатқанына  5 жылдан асты. Биыл  осы жұмыстар  біржола аяқталуға тиіс. Бұл жерде  бірнеше мәселені ескеру қажет. 

Қалыптасқан тәжірибеге қарасақ, республикалық маңызы бар жолдардың тендерін  көп жағдайда  тек  шетел компаниялары ұтып алады. Мұндай жобаларға қолынан іс келетін, тиісті техникамен жабдықталған өз кәсіпорындарымызды тарту керек. Сонымен қатар, жол құрылысына қажетті техниканы елімізде шығару жолдарын дамытып, өзіміздің дайын өнімді пайдалану керек.

Жалпы, жол мәселесіне келгенде бір ғана мақсат болуға тиіс. Республикалық немесе аймақтық жол болсын, еліміздегі жолдың бәрі  сапалы болуы керек. Әзірге жағдай мәз емес».

7 ақпан, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.