Қатты желдің салдарынан «Сұлтан» қонақ үйінің шатыры, Құнанбаев көшесіндегі көпқабатты үйдің шатыры және Теңіз кенішіндегі Vaterans кэмп жатақханасының шатыры ұшып кеткені белгілі болды.
Екпіні 16-20 м/с желдің салдарынан қонақ үйдің жалпы ауданы 912 ш.м болатын шатыры ұшып, "Нива" маркалы автокөлігіне зақым келді. Басқа зардап шеккендер жоқ, деді департаменттің баспасөз қызметі.
Бірінші жағдайда шатыр тұрақтағы «Нива» автокөлігінің үстіне түскен. ТЖД мәліметінше, оқиға 6 ақпан күні сағат 16:25-те болған. Дәл сол күні жел Балықшы ықшамауданындағы Құнанбаев, 17а мекенжайында орналасқан көпқабатты үйдің шатырын ұшырып әкетті.
Бағына орай, үш жағдайда да зардап шеккендер жоқ.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ