Атырау, 25 қараша 18:13
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«АМӨЗ» ЖШС бас директоры Ғалымжан Жусанбаев: «Кептеліс болмайды»

679 просмотра

З.Қабдолов көшесінің бойындағы №1 кірме теміржол маңының жол бөлігінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қала тұрғындарының арасында дүрлігіс тудырды. Тұрғындар бұл жұмыстар жолдың осы бөлігінде кептеліс тудырмай ма деп алаңдады. Басқалары мұнай өнімдерінің жолмен тасымалдануы экологиялық тұрғыда қалай болар екен деп наразы болды. Осы және өзге де сауалдарды «Ақ Жайық» газетінің редакциясы «AМӨЗ» ЖШС бас директоры Ғалымжан ЖУСАНБАЕВҚА қойған еді.

- Өздеріңіз білетіндей, Қабдолов көшесіндегі жолдың бөліктері 2019 жылы бұзылды. Бұған ішінара көлік кептелісі себеп болды. Сіздіңше, бұл тағы да қайталана ма?

– Иә, расында да жолда кептелістер болды, бірақ қарбалас уақытта ғана. Дегенмен, теміржолдың қалпына келтірілген бөлігі жұмыстан тыс уақытта және түнде жұмыс істейтіндіктен, кептеліс тудырмайды.

– Зауыттың артында осы учаскеге балама станция бар. Айтыңызшы, бұл қандай станция және оның қызметі қандай?

– 2017 жылы «АМӨЗ» ЖШС-нің солтүстік-батыс жағында «РТИ-АМӨЗ» ЖШС монополист компаниясы қызмет көрсететін «Промышленная» теміржол станциясы іске қосылды. Бұл станцияны салудың негізгі мақсаты барынша «АМӨЗ» ЖШС-нен жүк тиеуді, сондай-ақ «Ақжайық» станциясынан жүк түсіруді және мұнай өнімдерін уақытында шығаруды қамтамасыз ететін көлік инфрақұрылымын тиімді дамыту.

Қазіргі уақытта «РТИ-АМӨЗ» ЖШС зауытқа кірме жолды ұйымдастырумен және «AМӨЗ» ЖШС-де өндірілетін мұнай өнімдерін тиеу үшін вагон-цистерналармен қамтамасыз етумен айналысады. «РТИ-АМӨЗ» ЖШС үлесінің 30 пайызы Атырау мұнай өңдеу зауытына, қалған 70 пайызы «Petroleum» ЖШС-не тиесілі. Ақпарат үшін айта кетейік, «Ақжайық» станциясы ҚТЖ құзырында, 100 пайыз мемлекет қатысатын стратегиялық нысан және жұмыс орындарын құру мәселесін шешуде маңызды рөл атқарады.

– Бұл жолдар экологиялық себептер бойынша да бұзылған деген пікір бар. Оған сәйкес, вагондарда тасымалданатын қауіпті улардың төгілу немесе ағып кету қаупін жою үшін де бұзу жұмыстары жүргізілген. Осы рас па?

– Айта кету керек, вагон-цистерналарды мамандандырылған ұйымдар техникалық, оның ішінде экологиялық құрамдас бөлігі бойынша тексеруден өткізеді. Ыдыстар толығымен қымталған, сондықтан мұнай өнімдерінің төгілу және ағып кету қаупі жоқ. Қазір «Ақжайық» станциясында шаю-булау жұмыстары жүргізілмейді. Шаю-булау станцияларын вагон-цистерналар жеткізушілер таңдайды. «Ақжайық» станциясына мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған ыдыстар буланған, таза күйде жеткізіледі.

Сіздің сұрақтарыңыздан бөлек, темір жолдың бір бөлігін қалпына келтіру қажет екенін айтқым келеді. Біріншіден, «РТИ-AМӨЗ» ЖШС монополиясыздандыру мақсатында. 2022 жылғы «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» деген сайлауалды бағдарламасында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ экономиканы монополиясыздандыру, мемлекеттің бизнеске қатысын қысқарту және кәсіпкерліктегі бюрократияны азайту ел дамуының экономикалық секторындағы негізгі бағыттарға айналғанын атап өтті. Қазіргі уақытта нағыз еркін нарықтық экономиканы құруға бағытталған негізгі салаларды монополиясыздандыру жұмыстары жалғасып келеді.

«AМӨЗ» ЖШС президенттің экономикада әділ және нақты ережелер орнатуға бағытталған саясатын қолдайды. Өз кезегінде, «Ақжайық» станциясының жұмысын қалпына келтіру тауар нарығында бәсекелестік орта құруға кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға мүмкіндік береді.

Екіншіден, зауытта ықтимал форс-мажорлық жағдайлар немесе «жылы канал» арқылы өтетін теміржолда ақаулар туындаған жағдайда мұнай өнімдерін үздіксіз тасымалдаудың балама бағыты ретінде пайдалану үшін.

Мысалы, темір жол көпірінде проблемалар туындаған жағдайда, жүк тиелген вагон-цистерналар «жылы канал» арқылы қозғалған кезде тоғанға агрессивті ортаның төгілу қаупі болуы мүмкін.

Өздеріңіз білетіндей, «AМӨЗ» ЖШС азаматтық қорғаныс санатына жатқызылған стратегиялық нысан болып табылады. Ал «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» ҚР Заңына сәйкес және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсетудің республикалық жұмылдыру жоспарынан үзінді көшірмеге сәйкес, соғыс және бейбіт уақытта темір жол желісін жою немесе жарамсыз ету арқылы мемлекеттік жұмылдыру тапсырысын жеткізуді бұзуға жол бермеу және алдын алу мақсатында, «AМӨЗ» ЖШС екінші, қосымша (авариялық) темір жол тармағын жұмыс жағдайына енгізуі қажет. Сәйкесінше, «Ақжайық» станциясына баратын темір жол бөлігі жоғарыда аталған заң талаптарына сәйкес қалпына келтірілді.

Сондай-ақ, Қабдолов көшесінің бойындағы темір жол учаскесінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, келісілген мерзімде аяқталды. Қазіргі уақытта, өздеріңіз байқағандай, көліктердің жүруіне еш кедергі жоқ.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

7 ақпан, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.