Атырау, 24 сәуір 12:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16

Чилидің бұрынғы президенті Себастьян Пинера тікұшақ апатынан қаза тапты

417 рет қаралды
Фото: edition.cnn.com

Чилидің бұрынғы президенті Себастьян Пинера тікұшақ апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy CNN-ге сілтеме жасап.

ІІМ Каролина Тоханың хабарлауынша, тікұшақ жергілікті уақытпен 15:00 шамасында Лос-Риос ауданынының оңтүстігіндегі Илиуэ елді мекенінде апатқа ұшыраған. Бортта 4 адам болған, оның үшеуі аман қалды.

Тікұшақтың құлауына қандай жағдай себеп болғаны белгісіз, бірақ сол сәтте қатты нөсер болғаны айтылады.

74 жастағы Себастьян Пинера 2010-2014 жылдары және 2018-2022 жылдары екі рет президент қызметін атқарған.

Қайғылы оқиғаға байланысты Чилиде 3 күндік аза тұту күні жарияланбақ.

Айта кетсек, ел басынан онсыз да қаралы күндер өтіп жатыр. 5 күн бұрын басталған алапат орман өрті 120-дан астам адамның өмірін жалмады.

7 ақпан 2024, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.