6 ақпанда қатты жел көтеріліп, артынан қарлы-жаңбырға ұласуына байланысты Атырау қаласына қарасты ықшамаудандар мен елді мекендерінде жаппай жарық сөніп қалды.
Атап айтқанда әуе желісіндегі 0,4/6/10кВ кабельдерінде апатты өшу орын алып, Атырау қаласындағы Темірханов, Каженбаев, Б.Майлин, Ж. Танқыбаев, Аманшин, Д. Шайденов көшелері мен Береке ауылы, Атырау, Томарлы, Көктем ( дача жақтары), Геолог, Самал ы/а жартылай көшелері, Мұнайшы ы/а (жартылай), Ақ депо, Құрсай, Жерұйық ықшамаудандарының көшелері жарықсыз қалды.
«Атырау Жарық» АҚ-ның Қалалық электр жүйелерінің мәліметінше, әуе желілерінің ажыратуларының себептері, жеке заңды тұлға теңгеріміндегі трансформаторлық стансалардың сымдардың бір-бірімен айқасуының кесірінен үзілген.
Қалалық электр жүйесінің төрт жедел шығу бригадасы және 11 жөндеу бригадасын қосқанда барлығы 15 бригада қалыпқа келтіру жұмыстарын атқарып жатыр. Алайда қалыпқа келтіру жұмыстарын атқару үшін гидроподьемник (АГП), кран, желдің қатты болуына байланысты қалыпқа келтіру үшін кедергі келтіруде, - деді ведомствоның баспасөз бөлімінен.
Кешегі сағат 21:00-дегі жағдай бойынша Атырау ықшамауданы, Томарлы ауылы тұрғындары әлі жарық қосылмағанын, үйдің салқындап жатқанын айтып, әкімдіктің телеграм каналында шағым білдіріп жаты.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ