Атырау, 17 мамыр 09:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Лукашенко әскери қызметкерлердің азаматтарға оқ атуына рұқсат берді

367 просмотра

Авторитар басшы Александр Лукашенко Беларусь қарулы күштерінің жарғысына "өздеріне жүктелген міндетті орындау кезінде әскери қызметкерлердің азаматтарға оқ атуына, арнаулы құралдар мен техникаларды қолдануына болатыны" туралы өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Бұл өзгеріс бойынша, азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда да қару қолданылуы мүмкін, әрекеті жарғыға сай болса, әскери қызметкер жауапқа тартылмайды.

Бұрын Лукашенко "Мемлекеттік қауіпсіздік органдары туралы" заңды өзгерткен. Ол өзгеріс бойынша, арнаулы қызметтің қызметкерлері "қарулы қарсылық көрсеткен жағдайда, қарумен шабуыл жасаған жағдайда әйелдер мен балаларға және мүгедектерге де қару қолдана алады".

6 ақпан, 22:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.