Қаладағы кейбір мектеп әкімшілігі жазықты болған оқушылардан түсініктеме алу тәжірибесін қолданады. Оның үстіне бұл ата-ананың қатысуынсыз жасалады. «АЖ» мұндай әрекеттердің заңдылығын сұрастырған еді.
Атырау қаласының прокуратурасы «ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабының 18-тармағына сәйкес, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім беру ұйымының ішкі тәртібінің ережелерімен және жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары не білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.
Осылайша, білім беру ұйымының ішкі тәртібі мен жарғысына сәйкес тәртіп бұзған білім алушыларға түсініктеме құжатын талап ете отырып, тәртіптік жазалау шаралары қолданылуы мүмкін...
...14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың құқығы мен заңмен қорғалатын мүддесін олардың заңды өкілдері қорғайды...».
Алайда, қадағалау органы уәкілетті органдарға хабарласуды ұсынып, нақты жауап бере алмады.
Қалалық білім бөлімі оқушыдан ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қатысуымен ғана түсініктеме жазуды талап етуге болатынын түсіндірді.
Лев ГУЗИКОВ