Атырау, 23 желтоқсан 00:07
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қауіпсіздік мақсатында жаппай сабаққа келмеді

1 429 просмотра

Атырау қаласында кешегі оқушыларды жаппай қырып саламыз деген қоқан-лоққыдан кейін бүгін Әл-Фараби атындағы «Binom» мектеп-лицейінің бірінші ауысымындағы оқушылардың 16 пайызы ғана сабаққа келген.

Ақтөбеде 18 жастағы лаңкес «жаппай кісі өлтіруді» жоспарлап-мыс, 50 мыңға жуық бала сабаққа бармады, деп хабарлайды Ақтөбедегі «Диапазон» ақпараттық сайтындағы әріптестеріміз.

Кеше кешке Ақтөбе және Атырау полиция департаменттері құпия лаңкестің ұсталғаны туралы хабарлағанына және қауіпсіздікке кепілдік бергеніне қарамастан, бүгінде көп ата-ана балаларын үйде қалдыруды жөн көрді.

Д.Қонаев атындағы «Binom» мектеп-лицейіне келсек: 2000 оқушының 1134-і сабаққа келді.

Атырау қалалық білім беру басқармасының баспасөз қызметі бүгін қала мектептерінде де сабаққа қатысу азайғанын, бірақ айтарлықтай емес екенін хабарлады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

26 қаңтар, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.