Атырау, 23 желтоқсан 12:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

ӘМСҚ қазақстандықтар үшін 2,8 трлн теңгеге медициналық қызметтерді сатып алады

1 175 просмотра
freepik.com

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2024 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу рәсімдерін аяқтады. 2024 жылға арналған сатып алу жоспарында 2,8 триллионнан астам теңге қарастырылған, оның 1,2 триллион теңгеден астамы МӘМС қаражаты.

2023 жылдың желтоқсанында медициналық ұйымдардан өтінімдер қабылданды. Қаражатты бөлу рәсімдерінің қорытындысы бойынша 2024 жылға медициналық ұйымдарға шамамен 2,4 трлн теңге бөлінді.

Жаңа медициналық ұйымдардан 209 өтінім түсті, оның ішінде өңірлік комиссиялар сатып алу рәсімдерін өткізу барысында 117 денсаулық сақтау субъектісіне барды.

МӘМС жүйесін енгізу азаматтарға медициналық көмек көрсетуге жекеменшік медициналық ұйымдарды да тартуға мүмкіндік берді. Биыл қор 1921 медициналық қызмет көрсетуші – медициналық ұйымдармен келісімшарттар жасасты, оның 64%-ы жекеменшік болса, 36%-ы – мемлекеттік.

Осылайша, МӘМС емханалардың пациент үшін бәсекелестігін ынталандырады. Пациентте қандай да бір медициналық қызметті қайдан алатындығына таңдау мүмкіндігі болғандықтан, медициналық ұйымдар қолайлы жағдай жасап, пациенттерді тарта алуы үшін қызметті жетілдіруі керек.

Қормен шарт жасасқан медициналық ұйымдардың тізімін fms.kz сайтындағы "Медициналық қызметтерді сатып алу" бөлімінен табуға болады.

25 қаңтар, 20:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.