Атырау, 23 желтоқсан 01:36
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қызылқоға ауданындағы мектептердің бірінде мемлекеттік сатып алу кезінде бағаны 44,5 миллион теңгеге көтермек болған

1 074 просмотра

Атырау облысы білім басқармасының Қызылқоға ауданының білім бөлімінің №9 орта мектебі 48 млн теңгеге күзет қызметін сатып алуды жоспарлады, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті.

Облыста білім беру ғимараттарын күзету қызметінің орташа бағасы 3-4 млн теңгені құрайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлердің сатып алу процесіне араласуынан кейін қызмет бағасы 12 есеге төмендетіліп, 3,5 млн теңгеге сатып алынды.

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеу жөнінде ұсыныстар енгізді.

44,5 миллион теңге көлемінде үнемдеу бюджетке қайтарылды.

24 қаңтар, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.