Экспедиция барысында ресейлік ғалымдар Каспийдегі итбалықтар туралы мәліметтер жинады. Зерттеу көктемде аралдың су қоймаларында қысымның мүлдем болмайтынын көрсетті. Ал мұндай жағдайда итбалықтар өмір сүре алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Eco-compass.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Объективті бағалау және бақылау үшін Малый Жемчужный аралының түрлі бөлігінде төрт стационарлық камера орнатылды. Мониторинг материалдарына сай, тамыздан қазанға дейін аралда бір ғана адам тіркелген.
Санақ нәтижелері бойынша өлген итбалықтардың орташа жасы – 7,7 жас. Бұл жас жануардың, соның ішінде буаздардың өлімінің артқанын көрсетеді.
Каспий теңізіндегі итбалықтар неге қырылып жатқанын министр түсіндірді
Желтоқсан айында жаппай итбалық өлексесі табылғаны туралы ақпарат пайда болды. Шұғыл әрекет ету үшін сарапшы Владимир Лифантиев бастаған жұмыс тобы NaftaGaz мұнай сервистік компаниясының қолдауымен Каспий жағалауы мен Шешен аралына экспедицияға аттанды.
"Итбалық популяциясы апатты жағдайда. Ол қызыл деңгейден де өтіп кетті. Енді оның жақын арада қалпына келуі екіталай", – деді биология ғылымдарының кандидаты, экология институтының доценті Әлимурад Гаджиев.
Каспий итбалықтарының қырылуына жоғары патогенді құс тұмауын жұқтырғаны әсер етті деген де нұсқа бар.
Еске салайық, 2023 жылдың қазан айында Каспий теңізінің жағалауынан 59 итбалық пен 67 бекіре балықтарының өлексесі табылған. Сирек кездесетін жануарлар түрлерінің қырылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды.