Атырау, 23 қараша 23:57
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматыдағы жер сілкінісі: ҚазҰУ жатақханасының қабырғасы жарылған

598 просмотра

фото: freepik.com

МинистрСаясат Нұрбек Алматыдағы жер сілкінісінің салдарынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жатақханаларында жарықшақ пайда болғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алматыда қазір 35 университетте 198 мың студент оқып жатыр. Біз бірден әрекет еттік. Алғашқы тербелістер туралы ақпарат болған кезде бүкіл студенттер қауіпсіз жерге көшірілді. Ректорларға, проректорларға, студенттік ұйымдардың басшыларына алғыс айтқым келеді. Ешқандай құрбан немесе зардап шеккендер жоқ", - деді министр.

Саясат Нұрбек әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің №6 және 8 жатақханаларының қирағаны туралы фейк ақпарат тарағанымен, ғимаратта жарықшақтар пайда болғанын растады. 

"Біз оқиға орнына өз өкілдерімізді жіберіп, ақпараттың өтірік екеніне көз жеткіздік. Кішігірім жарықшақтар болды. Оның өзі негізгі қабырғаларда емес. Тиісті жөндеу жұмыстарын жүргіземіз", - деді Саясат Нұрбек.

23 қаңтар, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.